Тікелей эфир

Бұзақылық жасағаны үшін 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапқа тартылады. Жаңалықтарға шолу

Cурет Аktobenews.kz сайтынан
Cурет Аktobenews.kz сайтынан
Аяздың қаттылығынан мектептерде сабақтар болмай жатыр. Зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді.

Салық төлеушілерге бірыңғай электронды әмиян жүйесі іске қосылады

Бұл салық төлеу процесін біршама оңтайландырады: салық төлеушілер салықты бір реквизитпен төлейді. Төленген қаражат жеке тұлғалардың барлық салықтары бойынша автоматты түрде тарайды. Яғни Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері 2019 жылдың соңына қарай Бірыңғай электрондық әмиянға түскен барлық салық төлемдерін өздері шоттар бойынша таратады.

Қазақстанда ипотекаға баспана алушылардың қатары көбейген

Банктерден берілген әрбір төртінші несие баспана алуға бағытталған. Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыздары үшінші жыл қатарынан өсіп жатыр. 2018 жылы оның көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 18,4%-ға өсті.

Аяздың қаттылығынан мектептерде сабақтар болмай жатыр

Бүгін Астанада күннің күрт суытуына орай 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарланды. Қарағанды (28-30 градус), Павлодарда да (31 градус) қатты аяздан 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмады. Қостанай мен Шығыс Қазақстанда да жағдай осы.

Өңірлердегі оқушылар арасындағы төбелеске қатысты ІІМ мәлімдеме жасады

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұзақылық жасағаны үшін елімізде 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапқа (ҚР ҚК-нің 293-бабы 2 және 3-ші тармағымен) тартылады. Жасөспірімдер топтасып, құқыққа қайшы әрекет жасағанда дәл осы бап бойынша қылмыстық іс өндірісі ашылады. Осыған байланысты ІІМ ата-аналар мен ұстаздарды балаларына қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа жеткендігі туралы алдын ала ескертіп, ойланбай істелген әрекеттің соңы неге әкеп соғатынын айтуға шақырды.

Астана банкінің салымшыларына алғашқы екі күнде 23,1 млрд теңге қайтарылды

Банк салымшыларына Еуразиялық банкі арқылы қаражаттарын қайтару жұмыстары 26 қаңтарда басталды. Сенбі-жексенбі күндері банктің барлық қарыздарының (3705 млрд теңге) 62%-ы қайтарылды.

Бұл жұмыстар 26 шілдеге дейін жалғасады. Салымшыларға бөлімшеге келмес бұрын Еуразиялық банктің сайтынан онлайн режимінде кезекте тұрған клиенттердің санын, сондай-ақ төленетін сома туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Алматыда 2 млн ағаш туралы ақпарат бар мобильді қосымша іске қосылды

Almtree қосымшасында Алматыдағы жасыл желектердің түрінен бастап биіктігі, жағдайы тіпті отырғызылған жылына дейін барлық ақпарат жазылған. Өзіңізге керек ағашты нақты мекен-жай арқылы тауып алуға болады. Мамандардың айтуынша, бағдарлама қаладағы ағаштардың жай-күйін бақылау, сондай-ақ көгалдандыру бойынша жоспар жасау үшін үшін жасалған.

Елімізде азаматтардың атына көліктің тіркелу деректері тексеріле бастады

2017-2018 жылдары көлік иелеріне қатысты деректер базасындағы 16 млн қате түзетілген. Әлі базада 16 150 жазбаны түзету керек. ІІМ хабарлағандай, бұл жұмыстар 5-6 айда аяқталады. Енді көлік туралы ақпарат Қаржы министрлігіне онлайн беріледі. Қызмет 2019 жылдың 10 қаңтарынан іске қосылды.

Қаржы министрі Ә.Смайыловтың айтуынша, алдағы уақытта бір адамға бірнеше ондаған көліктің тіркелуі сынды қателікті болдырмау үшін ведомствоның ақпараттық жүйесінде биылдан бастап арнайы форматтық-логистикалық бақылау қарастырылып жатыр.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап зорлық-зомбылық құрбандарына бір жолғы өтемақы төленеді. Бұл жайында "Казахстанская правда" газетіне сұхбат берген ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

Baq.kz: Ғалымдар семіздік иіс сезуді төмендететінін айтты. Егер, сіз иіс сезу қиындығына тап болсаңыз, онда семіздік қаупі туғаны анық. Зертханада жануарларға жүргізілген зерттеулер осы болжамды растап отыр. Жаңа Зеландияның Отаго университетінің ғалымдары осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, депрессия кезінде де адам бойындағы иіске сезімталдылық төмендейді. Ал депрессия көп мөлшерде тамақтануға себепші екені белгілі.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары