Тікелей эфир

Қазақстандықтар елге ПТР-тест анықтамасыз орала алады

Фото depositphotos.com
Фото depositphotos.com
6 қазаннан бері Қазақстанға халықаралық әуе рейстері бойынша 426 ұшақ ұшып келген. 19 рейстен коронавирус жұқтырғандар анықталған.

"6 қазаннан бастап тиісті қаулы талаптарына сәйкес шетелдік азаматтар ПТР тест анықтамасыз әуе бортына кіргізілмейді. Алайда олардың кейбірінің анықтамасының уақыты өтіп кеткендіктен немесе кейбірі экспресс-тестпен келгендіктен 31 шетелдік азамат депортацияланды. Депортацияланған 31 жолаушы - Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Германия, Ұлыбританияның елдерінің азаматтары", – деді Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша Қазақстанға халықаралық әуе рейстері бойынша 426 ұшақ ұшып келген. Олардың ішінде 19 рейстен коронавирус жұқтырғандар анықталған. "Халықаралық әуе рейстеріне жүргізілген мониторинг барысында коронавирус жұқтырған 39 жолаушымен байланыста болған азаматтардан және бортсеріктерден вирус анықталмады", – деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін түсіндірген болатын. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты.

Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады. ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

ПТР-тест анықтамасы жоқ шетел азаматын бортқа кіргізген әуе компаниясына 1600 АЕК айыппұл салынады.

Сәдуақас Байғабылов шетелде жүрген отандастарымызға елге келерде міндетті түрде ПТР тестіден өту керектігін ескертті.

"Бүгінгі алыс болсын, жақын болсын шетелде жүрген отандастарымызға ПТР тестіден өтудің қиындығы жоқ. Себебі халықаралық әуежайларда, қалалар мен отельдерде тест тапсыратын пункт бар. Анализ қорытындысы бір тәуліктің ішінде белгілі болады. Біздің мониторинг көрсетіп отырғандай, екі күндік карантинге жатқызылатын отандастарымыздың көбі демалыстан келеді. Көбі Түркия мен Араб Әмірліктерінен оралады. Ал жұмыс сапарымен барған отандастарымыз бен студенттеріміз ПТР анықтамамен оралуда", – деді ол.

Айтуынша, Қазақстанға ұшып келген шетел азаматынан коронавирус анықталған жағдайда: біріншіден шетелдік 6-8 сағат бола алатындай әуежайда арнайы орын жоқ. Тиісінше ол Қазақстан арқылы басқа мемлекетке ұшуды ойлауы мүмкін. Ал егер одан Қазақстанға ұшып келген уақытта коронавирус анықталса оны міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Бұл көп сұрақты туындатып жібереді.

"Одан да шетел азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесімен келіп, осындағы барлық мәселесін шешіп, қайта ұшып кеткені абзал", – деді Сәдуақас Байғабылов.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары