Тікелей эфир

Рамазан айындағы підия мөлшері 2023 жылға 3 мың теңге болып бекітілді

Підия мөлшері – бір адамның күнделікті тойып ішетін асы.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пітір мен підия садақаларының биылғы мөлшері бойынша түсініктеме берді. 

Оның айтуынша, пітір садақаның мөлшері бидай не ұн мен мейізден жарты сағ (2 келі), ал арпа мен құрмадан бір сағ (4 келі) есебімен белгіленеді. 

  • Бидай (2 кг) – 340 теңге;
  • Ұн (2 кг) – 535 теңге;
  • Арпа (4 кг) – 520 теңге;
  • Мейіз (2 кг) – 4270 теңге;
  • Құрма (4 кг) – 8090 теңге.

Оқи отырыңыз:


"Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі", – деді Сансызбай Шоқанов. 

Оның түсіндіруінше, 2023 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 535 теңге етіп белгіленді. 


Оқи отырыңыз: Оразаға дайындық жасайтын уақыт. Шағбан айы жайлы 9 сұраққа жауап


"Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (4270 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8090 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3 мың теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді", – деді ҚМДБ төрағасының орынбасары

Еске салайық, қайтыс болған адамдарға, ана құрсағындағы балаға пітір садақа берілмейді.

Серіктестер жаңалықтары