Жаз басталғалы қазақстандықтар түрлі жеміс түрлерін үйне тапсырыспен алуды әдетке айналдырса, оның ішінде қарбыз бен қауынға тапсырыс берушілер үлесі бірден 276 пайыз өскен. Кейінгі орындарда таңқурай ( өсім 126 пайыз), шабдалы (өсім 93 пайыз) және қара өрік (өсім 83 пайыз) тұр. Бұл мәліметтерді Wolt Kazakhstan өз есебінде жария етті.
Мұндай пайдалы тамақ түрлеріне сұраныстың өскені қуантқанымен, фаст-фуд тапсырыс берушілер бәрібір көш басында. Мәселен, Қазақстандағы топ-3 тапсырыс қатарында донер, чизбургер, дурум сынды тез дайындалатын тамақ өнімдері аталады. Мұндай тапсырыстарға өсім кемі 500 пайыздан басталады.
Сарапшылар, тамақ өнімдеріне, оның ішінде топқа арналған тағамдарға сұраныстың артуына футболдан әлем чемпионатының әсері барын да жасырмайды. Өйткені, әрбір матчт алдында түрлі тамаққа тапсырыстар үлесі күрт өсіп отырғаны байқалған.
"Фастфудқа құмар". Олжас Бектенов балалардың дұрыс тамақтануын бақылауды тапсырды
Қарбыздан уланбау үшін не істеу қажет? Дәрігер кеңесі