"Фастфудқа құмар". Олжас Бектенов балалардың дұрыс тамақтануын бақылауды тапсырды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
1 ақпаннан бастап мектептерде ерекше бақылау енгізіледі.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов үкімет отырысында балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы мәселесін көтерді. Ол фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелділіктің қауіпті үрдіс екенін атап, қоғам болып қарсы тұру керегін айтты.

Бектеновтің сөзіне қарағанда, балалардың көпшілігі осындай өнімдерге құмар болып, кейде оған тәуелді болып кетеді. Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шаралар қарастырылған. 1 ақпаннан бастап барлық мектептерде "тосыннан кіріп тексеру" қағидаты бойынша ерекше бақылау енгізіледі. Тексерістер балалардың денсаулығы, дұрыс тамақтануы және қауіпсіздігіне қатысты болады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз