Қазақстан мектептерінде "Адал азамат" бірыңғай дизайн-коды енгізіліп жатыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайты
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайты
Дизайн-код мазмұнында бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын безендіру үлгілері бар.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі

Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-код мазмұнында бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын безендіру үлгілері бар. Заманауи брендбук аясында пән кабинеттері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пән бағытына сәйкес безендірілуі қажет.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайты

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес бастапқы кезеңде брендбук 530 білім беру ұйымында енгізіледі. Қазіргі уақытта 267 мектепте көрнекі элементтерді орналастыру жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта дизайн-код реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептерде енгізіліп, кейін кезең-кезеңімен еліміздің барлық білім беру ұйымдарына таратылатын болады.

Брендбук динамикалық құжат болып табылады және білім беру ұйымдарының ерекшеліктеріне сәйкес үнемі толықтырылып, жетілдіріліп отырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз