Саясат Нұрбек: Қазақстандағы шетелдік ЖОО филиалдарында мемлекеттік грантпен оқуға болады

Саясат Нұрбек. Фото: informburo.kz
Саясат Нұрбек. Фото: informburo.kz
Ведомство басшысы бұл шара талапкерлер үшін жақсы мүмкіндік болатынына сенімді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын дамытуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан азаматтарына мемлекеттік грант бөледі. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Қазір біз осындай саясатқа көшіп жатырмыз. Аталған филиалдардың дамуын қолдау үшін олардың әрқайсысына алғашқы 5-10 жыл ішінде міндетті түрде Қазақстан азаматтарына арналған грант бөлінеді. Бұл – біздің талантты жастарымыз үшін шетелден мүмкіндік іздемей-ақ, сапалы білім алудың ең жақсы жолы. Оның үстіне, бүгінде шетелде виза алу, көші-қон режимі өзгеріп жатыр, тұрақсыздық жоғары болғандықтан, жағдай күрделі", – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бакалавриат деңгейінде "бәсекеге қабілетті білім" алу үшін шетелге шығудың қажеттілігі жоқ.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз