Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне жолдама алған алғашқы теннисші болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Рыбакина қатарынан төртінші рет қатысады.

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік берген алғашқы теннисші атанды. Қазақстандық спортшы маусымды сәтті өткізіп, жекелей сында үздік сегіздікке енді.

WTA Finals-2026 турнирі 8–15 қарашада АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Жарысқа жекелей сында маусымның үздік сегіз теннисшісі және сегіз үздік жұп қатысады.

2026 жылы Рыбакина Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетті. Сонымен қатар ол мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады. Алдағы турнир қазақстандық теннисші үшін қатарынан төртінші WTA Finals болады. Ол жарысқа алғаш рет 2023 жылы қатысқан. Өткен маусымда Рыбакина турнир барысында бірде-бір матчта жеңілмей, чемпион атанды. Осылайша, биыл Индиан-Уэллсте ол қазіргі чемпион ретінде өз титулын қорғайды.

Егер қазақстандық спортшы биыл да WTA Finals турнирінде жеңіске жетсе, Серена Уильямстан кейін қорытынды жарыста екі жыл қатарынан чемпион атанған алғашқы теннисші болады. 

WTA Finals – әйелдер арасындағы кәсіби теннис маусымын қорытындылайтын басты турнирлердің бірі. Жекелей сындағы сегіз теннисші төрт адамнан екі топқа бөлінеді. Әр топтан үздік екі спортшы жартылай финалға шығады. Одан кейін финалда турнир жеңімпазы анықталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау