Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде бірінші орынға көтерілді

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ
Жаңартылған рейтинг US Open турнирі аяқталғаннан кейін жарияланды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде бірінші орынға көтерілді. 

WTA сайтынан скрин

Еске салайық, өткен сенбіде Рыбакина мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының титулын жеңіп алды. Финалда ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.

Осы жеңістен кейін Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі ұпайы 9901-ге жетті. Соболенко 7875 ұпаймен екінші орынға түсті.

Рыбакинаның WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуі Қазақстан теннисі тарихындағы маңызды жетістік болды.

Қазір қазақстандық теннисшінің жекелей сында WTA турнирлерінде 14 титулы бар. Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінде үш рет чемпион атанды. Ол мансаптық "Үлкен дулығаға" толық жету үшін Париждегі "Ролан Гаррос" турнирінде ғана жеңіске жетуі керек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау