Доллар бір күнде 2,8 теңгеге арзандады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллардың KASE-дегі бағамы 444,88 теңгеге түсті.

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен күндізгі сауда аяқталды. Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 444,88 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 2,8 теңгеге төмен.

16 қыркүйекке Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген доллардың ресми бағамы 447,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 443,02 теңгеден сатылып, 450,02 теңгеден сатып алынады. Еуро 511,05 теңгеден сатылып, 521,06 теңгеден сатып алынуда. Ресей рублінің бағамы 4,97 және 5,17 теңге аралығында.

Алматыда доллар 444,39 теңгеден сатылып, 446,41 теңгеден сатып алынады. Еуро 512,68 теңгеден сатылып, 517,93 теңгеден сатып алынуда. Рубльдің бағамы – 5,02 және 5,15 теңге.

Шымкент айырбастау пункттерінде доллар 444,72 теңгеден сатылып, 446,76 теңгеден сатып алынады. Еуроның бағамы 513,16 және 518,48 теңге аралығында. Ресей рублі 5,06 теңгеден сатылып, 5,14 теңгеден сатып алынып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау