Депутат Қазақстан тарихына қатысты жалған ақпаратқа жедел жауап беретін жүйе құруды ұсынды

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Сонымен қатар тарихи жад пен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін заманауи медиа-жобаларды қолдау қажеттігі айтылды.

"Әділет" партиясының фракциясы Қазақстан тарихына қатысты контенттің ғылыми негізділігі мен деректілігін қамтамасыз ететін жүйе қалыптастыруды ұсынды. Бұл туралы депутат Шолпан Каринованың Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында айтылды.

Депутат әлеуметтік желілердің, әсіресе TikTok, Instagram және YouTube платформаларының тарихи сана қалыптастырудағы ықпалы артып келе жатқанын атап өтті. 

"Сондықтан Қазақстан тарихы туралы қандай ақпарат тарайды, оның дереккөзі қандай және ол қоғамға қалай жеткізіледі деген сұрақтың маңызы артып келеді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде тарихи тақырыптағы күмәнді және бұрмаланған ақпарат тез таралады. Оған дер кезінде кәсіби жауап беріп, нақты дерек ұсынатын жүйелі тетік қажет", – деді депутат.

Осыған байланысты депутат Үкіметтен:

  • Ұлттық тарихи сананы мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағытының бірі ретінде айқындауды;
  • Қазақстан тарихына қатысты контенттің ғылыми негізділігі мен деректілігін қамтамасыз ететін жүйе қалыптастыруды;
  • Тарихи жад пен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін заманауи медиа-жобаларды қолдауды;
  • TikTok, Instagram, YouTube сияқты платформаларда Қазақстан тарихын заманауи әрі түсінікті форматта насихаттайтын жобаларды іске асыруды;
  • Тарихқа қатысты жалған және бұрмаланған ақпаратқа жедел жауап беретін тиімді тетік қалыптастыруды сұрады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау