Ауа райы
Бүгін +3…+5°
Ертең +3…+6°
Ауа райы Алматы +5°C
Тікелей эфир

Алматыда 5 адам көз жұмған өрт: Күдікті әйел қамауға алынды

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған.

Алматыда бес адамның қаза болуына әкеп соққан жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады.

Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында өрт болып, оны сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған болатын.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтап, оқиғаның мән-жайын қалпына келтірді. Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр", – делінген полицияның хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз