2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтетін болды

Фото: uefa.com
Фото: uefa.com
"Астана Арена" жаңартылады.

УЕФА Атқарушы комитеті 2028 жылғы Суперкубокты Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтеді, деп хабарлайды ҚФФ.

Кездесуде УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары өзара бақ сынайды.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Астананы таңдау елдегі спорттық инфрақұрылымды дамыту және УЕФА-мен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі болды.

"Қазақстанда мұндай деңгейдегі матчтың өтуі – отандық спорт үшін тарихи оқиға", – делінген ҚФФ хабарламасында.

2028 жылғы Суперкубокты өткізуге дайындық аясында "Астана Арена" стадионының инфрақұрылымы жаңғыртылады. Стадион УЕФА-ның ірі еуропалық финалдарды өткізуге арналған қатаң регламенттік талаптарына сәйкестендірілмек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау