USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан құрамасын Еуропа чемпионы жаттықтыратын болды.

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қатысты келісімге келді. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, маманның тағайындалуы ҚФФ жарғысына сәйкес Атқарушы комитеттің келісімінен кейін ресми түрде бекітіледі. Комитет отырысынан соң тараптар келісімшартқа қол қояды.

Джон ван’т Шкип футболшы ретінде Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Нидерланд ұлттық құрамасының сапында ойнап, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Бапкерлік мансабын "Аякс" жүйесінде бастаған Джон ван’т Шкип кейін клубтың бас бапкері болды. Сонымен қатар "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" клубтарын жаттықтырды.

2016 жылы "Мельбурн Сити" командасымен Аустралия кубогын жеңіп алған. Ал халықаралық деңгейде Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарған.

Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлер штабы да белгілі болды. Бас бапкердің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды. Қақпашылармен Юрий Новиков, дене даярлығына Вадим Боровский, ал сарапшы бапкер ретінде Тимур Құсайынов жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау