Тікелей эфир

Qazaqstan және Qazsport футболдан Америка Кубогының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Турнирге Солтүстік Америка құрлығындағы 10 елдің футбол құрамасы қатысады.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсету құқығын иеленді. Оңтүстік Америка құрамалары арасындағы турнир 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер  турнирдің барлық ойынын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

"Копа Америка-2021" Аргентина мен Колумбия алаңдарында өтуі тиіс болатын. Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы коронавирусқа байланысты жарысты Бразилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сырттан шақыртылған екі құрама – Австралия мен Катар жарыстан бас тартқаннан кейін, Америка Кубогына 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ширек финалға әр топтан төрт командадан шығады.

Соңғы "Копа Американының" жеңімпазы – Бразилия құрамасы.

  • A тобы: Аргентина, Боливия, Уругвай, Чили, Парагвай;
  • B тобы: Колумбия, Бразилия, Венесуэла, Эквадор, Перу.

Турнир кестесі:

  • 13 маусым, 02:50 – Аргентина – Чили, Qazsport
  • 14 маусым, 05:50 - Парагвай – Боливия, Qazaqstan
  • 15 маусым, 04:50 - Бразилия – Венесуэла, Qazaqstan
  • 15 маусым, 07:50 – Колумбия – Эквадор, Qazsport
  • 17 маусым, 02:50 – Чили – Боливия, Live Qazsport
  • 18 маусым, 05:50 – Аргентина – Уругвай, Qazaqstan
  • 19 маусым, 04:50 – Колумбия – Венесуэла, Qazsport
  • 19 маусым, 07:50 – Перу – Бразилия, Qazaqstan  
  • 20 маусым, 01:50 – Уругвай – Чили, Qazsport
  • 21 маусым, 04:50 – Аргентина – Парагвай, Qazaqstan   
  • 22 маусым, 03:50 – Венесуэла – Эквадор, Qazsport
  • 22 маусым, 06:50 – Колумбия – Перу, Qazaqstan   
  • 23 маусым, 02:50 – Боливия – Уругвай, Qazsport
  • 24 маусым, 05:50 – Чили – Парагвай, Qazaqstan   
  • 25 маусым, 03:50 – Эквадор – Перу, Qazsport
  • 25 маусым, 06:50 - Колумбия – Бразилия, Qazaqstan   
  • 27 маусым, 02:50 – Аргентина – Боливия, Qazaqstan   
  • 27 маусым, 02:50 – Уругвай – Парагвай, Qazsport
  • 29 маусым, 06:50 – Эквадор – Бразилия, Qazaqstan   
  • 29 маусым, 06:50 – Венесуэла – Перу, Qazsport
  • 2 шілде, 02:50 – 1/4 финал, Qazsport
  • 3 шілде, 05:50 - 1/4 финал, Qazaqstan   
  • 4 шілде, 03:50 - 1/4 финал, Qazsport
  • 4 шілде, 06:50 - 1/4 финал, Qazaqstan   
  • 6 шілде, 04:50 – 1/2 финал, Qazaqstan және Qazsport
  • 7 шілде, 06:50 – 1/2 финал, Qazaqstan және Qazsport
  • 10 шілде, 05:50 – Үшінші орын үшін матч, Qazaqstan және Qazsport
  • 11 шілде, 05:50 – Финал, Qazaqstan және Qazsport
Серіктестер жаңалықтары