Тікелей эфир

Мұнай кірістері, жұмыс орындары, ЖІӨ өсімі: "Шеврон" компаниясының 10 жыл ішінде экономикаға қосқан үлесі

Informburo.kz "Шеврон" компаниясымен бірге мұнай компаниясының Қазақстан экономикасына қандай сома құйып жатқанын білудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Қазақстан бюджеті кіріcінің басым бөлігі өндіруші салаларға, соның ішінде мұнай мен газ өндіруге және сатуға тиесілі екені белгілі (мысалы, 2020 жылы бюджеттегі мұнай кірістері 5,5 трлн теңге болды – бұл Қазақстан бюджеті шығынының үштен бірінен асады). Сондықтан казақстандықтардың мұнай кірістері қалай бөлінетіні және мұнай өндіруші компаниялар өздері жұмыс істейтін мемлекеттің әл-ауқатына қандай қамқорлық жасайтынына қатысты қызығушылығы азаймайды. IHS Markit компаниясының (Уашингтон, Колумбия округі) және КИМЭП университеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, экономика кафедрасының (Алматы, Қазақстан) бірлесіп жүргізген зерттеуі арқасында осындай цифрларға анық үңілуге мүмкіндік туды. Бұл "Шеврон" компаниясының (Шеврон Мұнайгаз Инк. арқылы және ТШО, ҚПО және КҚК арқылы) Қазақстан экономикасының он жылдағы (2010-2019) дамуына қосқан үлесіне қатысты.

Зерттеудің негізгі қорытындылары қандай? Соны талдап алайық.

№1. Қазақстанның ЖІӨ-сіне қосқан үлесі

2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның номиналды ЖІӨ-сін қамтамасыз етудегі "Шеврон" компаниясының үлесі 6,3% болды.

ЖІӨ-ге қосқан үлес туралы толығырақ айтар болсақ, бізге мына көрсеткіштер көмектеседі: 

  • Қазақстандағы "Шеврон" компаниясының өндірістік қызметі республиканың жалпы ішкі өнімінің 5,4%-іне (10,1 млрд доллар), ал компанияның Қазақстандағы шығыны тағы 0,9%-ке (1,6 млрд доллар) тең болды;
  • "Шеврон" компаниясының Қазақстан экономикасынадағы жалпы жылдық үлесі орта есеппен 11,7 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 6,3%-не тең болды; 

Қызық факт: IHS Markit мәліметі бойынша, 10 жыл ішінде Қазақстандағы мұнай өндірудің жалпы көлеміндегі "Шеврон" компаниясының үлесі 1,1 миллиард баррельден асты. Бұл 2 миллион баррель сыйымдылығы бар 560 супертанкерді толтыруға жеткілікті, бұл бүкіл зерттеу кезеңінде апта сайын бір танкерді толтырумен бірдей.

№2. Компания табысының қай бөлігі елде қалады?

Зерттеулер "Шеврон" компаниясының өндірістен түскен таза табысының 61,4%-і Қазақстандағы шығын, қазақстандық қызметкерлердің жалақысы, салықтар, роялти және қазақстандық акционерлер пайдасы есебінен Қазақстан экономикасына қайтарылғанын көрсетті.

Ақшалай түрде бұл былай болады:

  • орташа есеппен алғанда, жылына 10,1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өндіріс кірісінің 6,2 млрд доллардан астамы Қазақстан экономикасына қайтарылады;
  • негізгі бөлігі – бұл, шамамен, 4,7 млрд доллар – "ҚазМұнайГаздың" түрлі салық, роялти және төлемдер арқылы Қазақстан экономикасына қайтарылады;
  • 1993 жылдан бері "Шеврон" қазақстандық тауарлар мен қызметтерге шамамен 17,8 миллиард доллар жұмсады. Соның ішінде, осы соманың төрттен үш бөлігінен астамы немесе 14,1 миллиард доллар қаралып отырған 10 жылға келеді;
  • қарастырылып отырған кезеңде компанияның жергілікті нарықтағы шығыны жылына орта есеппен 1,4 млрд доллардан астам болды;
  • қазақстандық қызметкерлердің жалақысы жылына орта есеппен 146 млн долларға тең болды (республиканың еңбек нарығына мультипликативтік әсерді есепке

№3. Қазақстандағы экономикалық қызметті ынталандыру

"Шеврон" Қазақстанда 28,1 миллиард доллардан астам жиынтық экономикалық белсенділікті ынталандырды.

Кәсіпорынның экономикалық белсенділіктің өсуіне қосқан үлесі былай есептеледі:

  • Қазақстандағы "Шевронның" жиынтық шығыны – 14,1 млрд доллар;
  • бұл қаражат Қазақстан экономикасында 14 млрд доллар сомасында қосымша айналымды ынталандырды;
  • Қазақстанда жұмсалған әр доллар тағы бір доллардың айналымына ықпал етті;
  • Қазақстанда жұмсалған әр миллион доллардың арқасында 58 жұмыс орны ашылып, Қазақстанның жалпы ішкі өніміне 1,1 миллион доллар жұмсалды.

Есептеулерде экономикалық белсенділіктің екі түрін зерттейтін модельдер қолданылды:

  1. Жанама белсенділік. Қазақстандағы "Шеврон" компаниясының шығындары ел бойынша жеткізілімдердің барлық көп деңгейлі кеңейтілген тізбегіндегі белсенділікті қалай ынталандырғанын көрсетеді.

Орташа алғанда, Қазақстандағы "Шеврон" компаниясының елде жыл сайын жұмсаған 1,4 миллиард доллары кейінгі жеткізу тізбегінде 776 миллион доллар көлемінде қосымша экономикалық белсенділікке әкелді.

  1. Индукцияланған белсенділік. "Шевроннан" немесе қосалқы мердігерлерден жалақы алатын жұмысшылар табысының едәуір бөлігін Қазақстандағы сатып алуларға жұмсайды.

Бұл жағдайда "Шеврон" компаниясының Қазақстанда жыл сайын жұмсаған 1,4 млрд доллары индукцияланған экономикалық белсенділік нәтижесінде орташа есеппен 620 млн доллар айналымға әкелді. 

№4. Жұмыс орындары және жалақы

"Шеврон" компаниясының арқасында Қазақстанда 84 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Жұмыс орындары қайда ашылды және жалақы қоры қандай:

  • Қазақстандағы "Шеврон" компаниясында (БК (бірлескен кәсіпорын) және еншілес компаниялар) Қазақстанның 2 760 азаматы жұмыс істейді;
  • шығындардың арқасында Қазақстанда экономиканың түрлі саласында тағы 81 068 жұмыс орны ашылды;
  • Қазақстандағы "Шеврондағы" бір жұмыс орнына ел экономикасындағы тағы 29 жұмыс орны келеді, олардың ашылуына компания ықпал етті;
  • қазақстандық қызметкерлердің (тікелей, жанама және индукцияланған компаниялар) жалақысы жыл сайын 737 млн долларға тең болады.

Қызық факт: IHS Markit қосымша 29 жұмыс орны сала бойынша былай бөлінеді:

  • кәсіби қызмет көрсету: 6 жұмыс орны;
  • құрылыс: 6 жұмыс орны;
  • тасымалдау және сақтау: 5 жұмыс орны;
  • өндіріс: 3 жұмыс орны;
  • көтерме және бөлшек сауда: 3 жұмыс орны;
  • орналастыру және тамақтандыру қызметтері: 2 жұмыс орны;
  • басқа салалар: 4 жұмыс орны.

№5. Салықтар мен төлемдер

Қазақстандағы "Шеврон" компаниясы арқасында 10 жыл ішінде жиынтық төлем мен салық түсімдері 52,5 млрд доллар болды, олар:

  • 43 млрд доллар көлеміндегі салықтар мен роялти, бұл Қазақстанның республикалық бюджетінің 15%-іне тең;
  • "Шеврон" компаниясының ТШО-ның "ҚазМұнайГазға" төлеген жалпы төлемдеріндегі үлесі 3,7 млрд доллар болды;
  • Қазақстандық қамтамасыз ету шығыны 5,8 млрд доллар көлемінде қосымша салық түсіміне әкелді.

№6. Әлеуметтік жауапкершілік

"Шеврон" Қазақстанның жалпы даму мақсаттарын материалдық және материалдық емес түрде қолдайтын әлеуметтік инвестицияларды белсенді түрде жүзеге асырады. Мысалы:

  • Қазақстандағы "Шеврон" компаниясы 300-ден астам бірегей әлеуметтік жобаға 276,5 миллион доллар инвестициялады;
  • "Шеврон" компаниясының білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту және карьерада өсу мүмкіндігін ашу саласындағы әлеуметтік инвестициялық жобалары Қазақстандағы адами капиталды дамытуға елеулі үлес қосты;
  • "Шеврон" компаниясының әлеуметтік инвестициялары БҰҰ-ның Қазақстанның тұрақты дамуы саласындағы жаһандық мақсаттарына да, "Қазақстан-2030" стратегиясы" және "Қазақстан-2050" стратегиясы" шеңберіндегі стратегиялық реформалардың ұлттық мақсаттарына да жетуге ықпал етеді.

Қызық факт: Талдау "Шеврон" компаниясының әлеуметтік инвестициялары негізінен адам капиталының дамуына байланысты трансформациялық әсерге ие екенін көрсетті. Бұл әсер үш негізгі арна арқылы жүзеге асады: білім беру (ресми және бейресми), денсаулықты жақсарту және инновациялар мен кәсіпкерлік арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары