USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында қаза болды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Полиция капитанының отбасына ІІМ қолдау көрсетеді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді", – деді министр.

Министрліктің мәліметінше, ведомство басшылығы қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті әлеуметтік қолдау мен көмектің толық көлемде көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау