USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Тұрғын үй ауласына көлік қоюға тыйым салына ма? ІІМ жауап берді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Министрліктің түсіндіруінше, бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

Әлеуметтік желілерде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік құралдарын қоюға тыйым салатын нормалар енгізілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Буған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ереже өзгерген жоқ

Министрліктің түсіндіруінше, бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмеген. Көлік құралдарын тоқтату мен тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады. Дегенмен, ІІМ өкілдері қолданыста бар басқа шектеулерді еске салып өтті.

Жол жүрісі қағидаларының нормаларына сәйкес, көлік құралдарын мына орындарға қоюға және тоқтауға бұрыннан-ақ тыйым салынған:

  • гүлзарларға;
  • көгалдарға;
  • балалар және спорт алаңдарына.

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі сақ болуға, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырады. Сонымен қатар, ведомство балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр.


Оқи отырыңыз: ІІМ қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды 


Ата-аналар мен заңды өкілдерге мынадай талаптарды орындау ұсынылды:

  • балалардың мінез-құлқын бақылауды күшейту;
  • көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі ескертіп отыру;
  • жолдың жүріс бөлігінде, сондай-ақ денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін өзге де орындарда ойнауға болмайтынын түсіндіру.

"Тек бірлесіп қана біз жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын аламыз", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз