USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

ІІМ қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Алаяқтар күштік құрылым басшыларының атынан хабарлама жібере бастаған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертіп, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының атынан хабарлама жіберетін қаскөйлерден сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ІІМ.

ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін заңсыз пайдаланып жүр.

Қаскөйлер өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша қарызға беруді сұрайды. Полиция мұндай хабарламаларға сенбеуге және ақша аудармауға кеңес береді.

"Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер", – деп ескертті ведомство.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі азаматтарға жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ұсынды.

"Атап айтқанда, SMS арқылы келген растау кодтарын, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және өзге де жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды.", – делінген хабарламада.

Полиция күмәнді хабарлама немесе қоңырау түскен жағдайда ақпаратты басқа байланыс арнасы арқылы нақтылап, қаржылық операциялар жасамауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз