Ауа райы
Бүгін +6…+6°
Ертең +4…+7°
Ауа райы Алматы +6°C
Тікелей эфир

Шығыс Қазақстан облысында мәслихат сайлауы өтті

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысындағы 534 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады.

Таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір тұрғындары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Дауыс беру барысын 1000-ға жуық қырағы байқаушы қадағалады.

Сайлау учаскелерінде ән шырқалып, күй тартылды. Келушілерге ыстық бауырсақ ұсынылды. Тұрғындар ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Бұдан бөлек, жәрмеңке де ұйымдастырылды.

Жалпы, президенттің "Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Сіздерге сенім артқан сайлаушылардың мүддесін қорғау – басты парыздарыңыз" деп айтқан болатын.

Ел болашағына бей-жай қарамайтын ақсақалдар, ардагерлер, қоғам белсенділері мен түрлі сала өкілдері келді. Жастар арасында алғаш рет дауыс бергендер де болды. Кей тұрғындар учаскеге әріптестерімен бірге келді. Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келген азаматтар да өз таңдауын жасады. 

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау барысында заң бұзушылық тіркелген жоқ. Таңдау жасаған тұрғындар да өз учаскелерінде заң бұзушылық болмағанын айтады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз