Тікелей эфир

Су басқан өңір түлектеріне 12,5 мың білім гранты квота түрінде берілмек

Бұл биылғы мемлекеттік білім гранттарының бестен біріне тең.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мектеп түлектерін қолдау мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысының 20 пайызы мөлшерінде гранттарды квоталау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Гранты саны – 12 528. 

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды. 

"Су тасқынынан зардап шеккен мектеп түлектерін қолдау мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен 20 % (немесе 12528 грант) мөлшерінде гранттарды квоталау бойынша шаралар қабылдануда, бұл олардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді және даярлықтың барлық бағыттары бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында. 


Оқи отырыңыз: 217 әкімшілік қаулы: Су басқан өңірлерде кәсіпкерлер азық-түлік бағасын заңсыз көтерген


Үкімет басшысының айтуынша, ҰБТ-ға дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде өтініштерді тіркеу кезінде жеке кабинет арқылы түлектерді сүйемелдеу жүргізіледі. ҰБТ-ның ақылы онлайн-сынақ тестілері ұйымдастырылған. 

"ҰБТ-ға дайындыққа онлайн-курстар, сабақтар, консультациялар өткізетін еліміздің үздік педагогтары тартылды. Білімді бекіту үшін бұл сабақтар мен курстар prob-ent.testcenter.kz, dating.online, ent.5plus.kz, testter.kz, itest.kz, Bilimland платформаларында қолжетімді. Түлектерді, ата-аналарды, педагогтерді психологиялық сүйемелдеу жүзеге асырылады", – деді Олжас Бектенов. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары