USD: 469.5 / 472.1
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

"Семей орманындағы" өрт: жеті тікұшақ пен жүздеген маман жұмылдырылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында шыққан ірі орман өрті ерекше бақылауға алынды. Өрт ошағына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және Абай облысының әкімі Берік Уәли барып, жедел ахуалды бағалады, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ мәліметінше, министрлер өрттің ең күрделі учаскелерін аралап, жедел штабтың жұмысымен танысты. Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жетекшісінің баяндамасын тыңдап, күштер мен техниканың орналасуын тексерді. Сондай-ақ құтқарушылар тобын күшейтіп, өртті сөндіру жұмыстарын жеделдету жөнінде қосымша тапсырмалар берді.

"Қазір тілсіз жаумен күреске 600-ден астам адам, 160-тан астам жерүсті техникасы және жеті тікұшақ тартылған. Өртті оқшаулау жұмыстары тәулік бойы, соның ішінде түнгі уақытта да жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, "Семей орманындағы" өртті сөндіру барысында авиация 123 рет су төгіп, өрт ошағына жалпы 157 тонна су жеткізген.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 16 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында барлығы 10 орман өрті тіркелген. Оның төртеуі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында, алтауы "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

Мамандардың айтуынша, "Ертіс орманындағы" өрттердің басым бөлігі найзағайдың түсуінен шыққан. Қазір барлық ошақтарда өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқару қызметі аптап ыстық пен құрғақ ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталып отырғанын ескертіп, барлық жұмылдырылған бөлімшелер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілгенін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау