USD: 469.1 / 471.7
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Бектенов Абай облысындағы орман өртіне байланысты екі министрді оқиға орнына жіберді

Фото: https://t.me/abainewskz
Фото: https://t.me/abainewskz
Бектенов министрлерге өртті үйлестіруді тапсырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында шыққан өртке байланысты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты шұғыл түрде өңірге аттандырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет мәліметінше, министрлерге "Семей орманындағы" өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіру жүктелген.

Сонымен қатар премьер-министр жақын маңдағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеуді тапсырған.

Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, тілсіз жаумен күреске 400-ден астам адам мен 100-ге жуық техника тартылған. Өрт ошағына әуеден 100 тоннадан астам су төгілген.

Үкіметтің мәліметінше, өңірдегі жедел штабтың жұмысы премьер-министр Олжас Бектеновтің жеке бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау