Тікелей эфир

Қамсақты, Баянтай, Арай ауылы: Солтүстік Қазақстанда бірқатар елді мекенге қазақша атау беріледі

Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекен атауы қазақшалануы мүмкін.

Ашық НҚА порталы жариялаған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар ауылдың атауы өзгеретіні жазылды.

Құжатта Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылын – Қамсақты ауылы, Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылын – Баянтай ауылы деп атау ұсынылған.

"Шал ақын ауданының, Кривощеков ауылдық округі – Арай ауылдық округі, Кривощеково ауылы – Арай ауылы деп қайта аталсын", – деп жазылған облыстық әкімдік пен мәслихат шешімімен дайындалған қаулыда.

Жоба 7 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында тағы 2 елді мекеннің атауы қазақшаланады.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары