Енді 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары гепатитке тексеруден өтуге тиіс

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Скринингтік тексерулердің сегіз түрі жүзеге асырылады.

Енді 18 жасқа толған әр Қазақстан азаматы В және С гепатитінің алдын алуға арналған медициналық тексеруден өтуге тиіс, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, гепатит жұқтырғандардың 65 пайызында ауру белгілері байқалмайды екен. Ал дерт дер кезінде анықталмаса адам бауыр обырына немесе циррозға шалдығуы мүмкін. 

Тіпті, уақтылы ем қабылдамау мүгедектікке, кейде өлімге де әкеледі дейді мамандар. 

"Скринингтік тексерулердің сегіз түрі жүзеге асырылады. Оның ішінде қазіргі таңда маңызы зор онкологиялық аурулардың үш түріне скрининг, қан айналым жүйесіне, қант диабеті және осы вирустық гепатиттерге арналған скринингтік тексерулер жүргізіледі. Тексеруден өткен 1 миллион 800 мыңға жуық адамның 25 мыңға жуығынан қант диабеті бірінші рет анықталып отыр", – деді ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдыралиева. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау