Тікелей эфир

Аудиторлық тексерістен соң ұлттық киноға конкурс қайта жарияланатын болды

Конкурстық іріктеудің қорытындысы қазан айында белгілі болады.

2023 жылғы киножобаларды іріктеу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.

Бүгін 2023 жылы қаржыландыруға үміткер киножобаларды іріктеу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Жаңа конкурсқа үміткерлердің құжаттары 29 тамызға дейін қабылданады, ал киножобаларды қорғау, яғни Сараптамалық кеңес отырысы қыркүйек айының соңында өтеді. Питчинг қорытындысы бойынша киножобалар қаржыландырылатын болады, ал кинокартиналар ұлттық фильмдер деп танылады.

2023 жылы мемлекет жаңа фильмдердің өндірісіне 3,3 млрд теңге бөлді. Оның ішінде, "Қазақфильм" киностудиясының киножобаларына 1,2 млрд теңге бөлінсе, жеке киножобалар 2,1 млрд теңге алады. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали барлық тараптар әрбір теңге үшін есеп беретінін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: "Абайдың қара сөзінен бастап Алхимикке дейін". Шыңғыс Мұқан жастарға оқуға ұсынған 5 кітап


"Ең алдымен, барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша болдырмау қажет. Кино қауымдастығы нарықты дамыту мен сапаны арттыру үшін бірігіп жұмыс істеуі керек. Ешқандай интрига қажет емес. Біз өз тарапымыздан үміткерлерге барынша көмектесуге әрі киножобаларға ақпараттық қолдау көрсетуге дайынбыз. Орталық та, киногерлер де әр теңге үшін есеп беретінін есте ұстағаны жөн", ­– деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали. 

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген өтінімдерді іріктеу нәтижелерінің күші жойылғанын хабарлаймыз. ҰКҚМО-ның басшылығы бірқатар бұзушылықтар анықталған аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша осындай шешім қабылдады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары