"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Тальго" пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді. Ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.
"Тальго" пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.
Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі, олар:
- 20% жеңілдік – №79/80 "Астана – Арқалық" бағытына;
- 30% жеңілдік – №81/82 "Астана – Қостанай" бағытына;
- 40% жеңілдік – №65/66 "Астана – Жезқазған" бағытына.
Билетті тиімді бағамен www.bilet.railways.kz сайты, сондай-ақ "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады (Android платформасында ғана қолжетімді).
Оқи отырыңыз: Балалар неше жастан бастап пойызбен жалғыз өзі сапарға шыға алады?
Сондай-ақ, жолаушылар жеңілдік мөлшерін "Алтын" және "Күміс" дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.