Тікелей эфир

Астана әкімі "Телман" газ жылу станциясының құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Аталған энергия көзінің қуаты сағатына 600 Гкалды құрайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасына жазды.

"Тағы бір "Телман" газ жылу станциясының құрылысын бастадық. Бұл энергия көзінің қуаты сағатына 600 Гкалды құрайды. Қазіргі уақытта бұл нысанда қазандық ғимаратын салу жұмысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жылу-механикалық жабдықтарды ішінара жеткізу орындалды", – деп жазды қала әкімі Instagram парақшасына.

Оның айтуынша, нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

"Бұл газ жылу станциясы "Бағыстан" тұрғын үй ауданы, халықаралық әуежай, Пригородный елді мекені және т.б. аумағындағы перспективалы құрылыстарды жылумен қамтамасыз етеді. Биыл күзде "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясының, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтадық. Қазіргі жылыту маусымында олар сағатына 700 Гкал күш береді", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді.


Мәселен, "Оңтүстік-Шығыс" станциясы құрылысы қарқынды аумақтарды жылумен қамтамасыз етеді: Мыңжылдық аллеясы, "Нұрлы жол"вокзалы, "Бағыстан" тұрғын ауданы және тағы басқа. "Тұран" станциясы – қаланың сол жағалауындағы жаңа құрылыс аудандарын қамтиды.

Серіктестер жаңалықтары