Алматыда Наурыз мейрамына орай тағы бір көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты Омаров көшесінде 20–21 наурыз күндері автокөлік пен қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр.
Қала билігі тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, биыл Алматыда Наурыз мейрамы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі мерекелік орындар ретінде Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы және Панфилов көшесі белгіленген.
USD:
481.5 / 484.5
EUR:
557.5 / 562.5
RUB:
5.67 / 5.85