USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстан шекарасында 636 млн теңгеден астам заңсыз валюта анықталды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Қазақстаннан 10 мың доллардан артық қолма-қол ақша алып шығуға болмайды.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бір апта ішінде декларацияланбаған валютаны заңсыз алып өтпек болған 38 әрекет анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде жүргізілген бақылау барысында жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол валюта анықталған.

"Ірі заңбұзушылықтардың бірі Жамбыл облысындағы "Қордай" автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде тіркелді. Шетел азаматының жүгін тексеру кезінде 350 мың АҚШ доллары, яғни шамамен 170 млн теңге табылған", – делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданған.

Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес республика аумағынан 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынатынын тағы да еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау