USD: 467.5 / 470.5
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

БҰҰ Эль-Ниньо әсерінен 50 миллионға жуық адам аштыққа ұшырайтынын болжады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Климатологтар бұл құбылыс қыркүйекте күшейе түсетінін айтып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы күн санап күшейіп жатқан Эль-Ниньо климаттық құбылысына байланысты алдағы айларда әлемде 50 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығына тап болуы мүмкін екенін ескертті.

Ұйымның мәліметінше, аштықтың өткір кезеңі адамдардың күнделікті ең қажетті азық-түлікке деген негізгі қажеттілігін қамтамасыз ете алмауын білдіреді.

WFP басшысының міндетін атқарушы Карл Скаудың айтуынша, Эль-Ниньо миллиондаған адамның қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Оның сөзінше, халықаралық қауымдастық климаттық соққыларға неғұрлым ертерек дайындалса, соғұрлым адам өмірін сақтап қалып, халықтың күнкөріс көздерін қорғау мүмкіндігі артады.

Климатологтар Эль-Ниньо қыркүйекте күшейетінін айтып отыр. Соның салдарынан өткір азық-түлік тапшылығына ұшырайтын адамдар саны 225 миллионнан 274 миллионға дейін өсіп, шамамен 22 пайызға артады. Мамандардың болжамынша, климаттық құбылыстың ең ауыр зардаптары Орталық Америка мен Африканың оңтүстігінде байқалады. Сонымен қатар Шығыс Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда да тәуекел деңгейі жоғары болады.

WFP мәліметінше, Эль-Ниньоның әсері өңірлерге қарай әртүрлі. Кейбір елдер қазірдің өзінде жауын-шашынның азаюы, су тасқыны мен аптап ыстықтың салдарын сезініп отыр. Ал басқа мемлекеттерде жағдай егіс науқаны мен алдағы өнім жинау кезеңінде күрделене түсуі мүмкін. Әсіресе, халықтың басым бөлігі жауын-шашынға тәуелді егіншілікпен күн көретін Африканың оңтүстігі аса осал аймақтардың бірі саналады.

2015-2016 жылдардағы Эль-Ниньо құбылысы 60-100 миллион адамның азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер еткен. Ал 2026-2027 жылдарға арналған болжамдар бұл жолғы климаттық циклдің де ауқымы соған ұқсас болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Эль-Ниньо биылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында ең жоғары шегіне жетеді. Алайда оның салдары болашақтағы егін түсіміне әсер етуіне байланысты 2027 жыл бойы сезілуі мүмкін. WFP дерегіне сәйкес, Эль-Ниньоның өткен циклдерінің тәжірибесі алдын алу шараларына салынған әрбір доллардың болашақтағы шығындар мен дағдарысқа қарсы әрекет етуге жұмсалатын 3-7 долларды үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау