USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Балқашта жаңа коммуналдық жағажайлар ашылады

Фото: Жазира Пірімқұл
Фото: Жазира Пірімқұл
Құны 2,1 млрд теңге болатын №2 коммуналдық жағажай бойынша инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, мердігерді анықтау конкурсы өтіп жатыр.

Балқаш көлінің жағалауында салынып жатқан жаңа коммуналдық жағажай 15 шілдеде пайдалануға беріледі. Туристік әлеуетті арттыруға бағытталған жобаның құны 2,8 млрд теңгені құрайды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл Балқаш жағалауын кешенді жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңі. Сонымен қатар құны 2,1 млрд теңге болатын №2 коммуналдық жағажай бойынша инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, мердігерді анықтау конкурсы өтіп жатыр. Ал №3 коммуналдық жағажайдың құрылысы келесі туристік маусымға жоспарланған.

Жалпы даму жоспарына сәйкес Балқаш көлінің 29,3 шақырым жағалау сызығы жаңғыртылады. Қазір аумағы 1682 гектарды қамтитын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Туристік маусым қарсаңында жағалаудағы қолданыстағы демалыс орындары да абаттандырылды.

Демалушылардың жайлылығы үшін 130 жаңа қоқыс контейнері орнатылып, санитарлық талаптарға сай модульдік дәретханалар пайдалануға берілді. Су айдығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 1 шақырым болатын қорғаныш буй желісі орнатылды.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлде 13 құтқарушы, бес құтқару қайығы және жағалауды бақылауға арналған үш дрон жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті 23 полиция қызметкері мен жеті патрульдік автокөлік қадағалайды. Ал медициналық қызмет көрсету үшін алты медицина қызметкері мен бір жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Сонымен қатар жағалаудың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында «Балқаш Тазалық» кәсіпорнының техникалық паркі 21 жаңа мамандандырылған техникамен толықты. Олар жағалауды тазалау және коммуналдық жұмыстарды жүргізуге пайдаланылып жатыр.

Балқаш көлінің жағалауын дамыту жұмыстары туристерге жайлы әрі қауіпсіз демалыс жағдайын жасауға бағытталған. Туристік маусым бойы жағалаудың тазалығы, қауіпсіздігі және инфрақұрылымның тұрақты жұмысы әкімдіктің ерекше бақылауында болады, – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау