Тікелей эфир

Атырау университетінде Михаил Дорофеев атындағы аудитория ашылды

Михаил Дорофеев атындағы аудитория/ЖОО баспасөз қызметі
Михаил Дорофеев атындағы аудитория/ЖОО баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ЖОО Михаил Дорофеев атындағы шәкіртақы тағайындамақ.

Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедұлы университетінде журналист Михаил Дорофеевке арналған аудитория ашылды. Салтанатты шараға университет жетекшілігі, Михаил Дорофеевтің әріптестері мен курстастары, қоғам қайраткерлері мен журналистика ардагерлері қатысты. 

"Өкінішке орай, ол тым ерте көз жұмды, барлығымыз есеңгіреп қалдық. Оған арнап аудитория ашуымыз – біздің ЖОО мен өңірді өзінің кәсібилігі арқылы танытқан жерлесімізге және біздің түлегемізге деген естелік. Аудитория болашақ журналистер мен біздің студенттерге үлкен бағыт-бағдар береді деген үміттеміз. Олардың көз алдында үлгі болады. Келесі жоспар – Михаил Дорофеев атындағы шәкіртақыны тағайындау", – деді ЖОО ректоры Саламат Ыдырысов. 

Сурет: ЖОО баспасөз қызметі
Сурет: ЖОО баспасөз қызметі

Аудиторияның ашылуына келген журналистика ардагерлері мен бұрынғы тәлімгерлері Михаил Викторұлын ерекше жылылықпен еске алды. Олардың айтуынша, марқұм студент кездің өзінде өз ісінің маманы болған. Ең бастысы – ол әрдайым адамгершілік танытқан. 

"Ол оқып жүргеннің өзінде корректор болып жұмыс істеп, көптеген газетке мақала жазатын. Мен оны орынбасарым етіп аламын деп шештім. Бұл ғажап болды. Оны жұмысқа алғаным үшін бақытты едім. Оның соңынан жастар келді. Біз рубрикалар, жаңа парақшалар жасадық. Ол үнемі артығымен жұмыс істейтін. Миша қажет ақпараттың барлығын жинап, барлығы туралы жазып, оны ешкімнің намысына тимейтіндей етіп жеткізе білетін. Ол өмір бойы демократия мен тәуелсіздік жолында еңбектенді. Миша кетті, бірақ біз оны ешқашан ұмытпаймыз", – деді журналист Любовь Монастырская. 

Сурет: ЖОО баспасөз қызметі

Барлық студент үшін ашылған аудиторияда Михаил Дорофеевтің биографиясы мен оның мақалаларын оқуға болады. Мұнда оның журналистика туралы үздік цитаталары, видео-сұхбаттары жинақталған. 

"Аудиторияға келген студенттер суреттер көреді, оқиды. Студенттерге оның сөзіне құлақ асуға, ойлануға, ой қорытуға кеңес бергім келеді. Ең бастысы, Михаил Викторұлы өмірде қандай жағдай болмасын адам болып қала білетін. Михаил әрдайым адамгершілік танытатын. Әділетті және адал", – деді "Инфополис" ЖШС директорының орынбасары Анастасия Боловинцева. 

Сурет: ЖОО баспасөз қызметі

"Біздің мұратымыз ортақ – журналистиканы құтқару". Михаил Дорофеевтің сұхбатынан цитата

"Ал, айтыңдар, не бүлдірдіңдер?" Достары мен әріптестерінің естелігінде Михаил Дорофеев қандай болды?

Михаил Дорофеев атындағы арнайы жүлде журналист Юрий Масановқа табыс етілді. 

Михаил Дорофеев 2021 жылдың 30 қаңтарында жүрек талмасына ұшырап көз жұмды. Ол небәрі 48 жаста еді. Өмірінің соңғы жылдарында Informburo.kz ақпарат-сараптама порталын басқарды. 

Серіктестер жаңалықтары