USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

"Әділет" партиясы Алматы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

Фото: "Әділет" партиясы
Фото: "Әділет" партиясы
Данияр Қасқарауов "Әділет" партиясының Алматы облыстық филиалын басқарады.

Қонаев қаласында "Әділет" партиясы Алматы облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиында партияның өңірлік филиалының басшылық құрамын қалыптастыру мәселесі қаралып, бірқатар кадрлық шешім қабылданды.

Конференция барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір" үндеуін қолдау мәселесі де күн тәртібіне шығарылды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов "Әділет" партиясы Алматы облыстық филиалының басшысы болып сайланды.

Партияның мәліметінше, Данияр Қасқарауов кәсіпкерлік, қоғамдық және қоғамдық-саяси қызметте тәжірибесі мол. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға және тұрғындармен байланысты нығайтуға басымдық береді.

Конференцияда сондай-ақ Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Оның құрамына кәсіпкерлік, банк секторы, өндіріс, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт, білім, экология, қоғамдық ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері енді. Сонымен қатар ұйымдастырушылық, қаржы-шаруашылық, құқықтық және қоғамдық жұмыс тәжірибесі бар мамандардан құралған бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Осылайша, "Әділет" партиясы Алматы облыстық филиалының басшылық құрамы толық қалыптастырылды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жұмысты күшейтіп, партиялық бастамаларды іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау