Марапат иелері қатарында ақын, жазушы, суретші және қолөнешілер бар.
Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар өнер адамы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
- Нұржан Светқалиға, ақын – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
- Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
- Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
- Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.
Оқи отырыңыз:
- Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, құтқарушылар мен өндіріс үздіктері марапатталды
- Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі мұғалім Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленді