Қазақстанға 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар қырғыз шекарасында ұсталды

Бес алтын құймасының жалпы салмағы 3,3 келіні құраған.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кең-булуң" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Алтын құймалар. Фото: Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті

Хабарламада ұсталғандардың саны мен аты-жөні аталмаған. Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған. Тексеру барысында бұл құймалардың құжаты болмаған. 

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін анықтау, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КР УКМК | ГКНБ КР (@gknb.official)

Дегенмен, комитет өкілдері шығын сомасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл – шамамен 170 млн теңге. 


Оқи отырыңыз: Алматыдан Ыстықкөлге қысқа жол: Қашан және кімнің қаржысына салынады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау