Тікелей эфир

Олимпиада жаңғырығы: Қырғыз боксшысына жәрдем еткен өзбекстандық бапкерге Садыр Жапаров көлік тарту етті

Бапкер Акмаль Хасановтың бұл әрекеті арқылы Қазақстанда да көптің құрметіне ие болған еді.

Париж Олимпиадасына бапкерсіз барған қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы өзбекстандық бапкер Акмаль Хасановтың көмегімен күміс жүлдегер атанған болатын. Осы оқиғадан кейін өзбекстандық бапкердің танымалдығы артып, ол туралы көптеген елдің бұқаралық ақпарат құралы жазды. 

Акмаль Хасановтың еңбегін жоғары бағалаған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оған автокөлік тарту етті. 

"Бүкіл әлем Орталық Азия халықтары бір-бірін қалай қолдайтынын көрді. Спортты бейбітшілік елшісі деп атайды. Сіздер өзара келісімді нығайтуға үлгі қосып жүрсіздер. Бұл ынтымағымыз тек арта берсін", – деді Садыр Жапаров. 

Өзбекстандық бапкер Акмаль Хасанов

Еске салайық, Мұнарбек Сейітбекұлы Париж Олимпиадасында финалда өзбекстандық боксшыға қарсы жұдырықтасты. Ол жеңіліс тауып, күміс жүлдені иеленді. 


Оқи отырыңыз: Жүкті спортшы, "киллер" мерген, интерсекс боксшы. Париж Олимпиадасының қызықтарына шолу


 

Серіктестер жаңалықтары