USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық қар барысы күнін ресми түрде бекітті

Бұл қарардың 61 авторының қатарында Қазақстан да бар.

БҰҰ Бас ассамблеясы Қырғызстанның бастамасы бойынша 23 қазанды Халықаралық қар барысы күні деп ресми түрде бекітті, деп хабарлады БҰҰ ресми сайты

23 қазанды Халықаралық қар барысы күні ретінде атап өту 2013 жылы Бішкекте өткен Қар барысын сақтау бойынша бүкіләлемдік форумнан кейін дәстүрге айналған болатын. Дегенмен, атаулы күн ресми мәртебеге тек енді ғана ие болып отыр. 

БҰҰ қарарына әлемнің 61 елі қол қойса, олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бар. 

"Қар барысы – мысық тұқымдас ірі жануар, ол Орталық және Оңтүстік Азияның таулы жерлерін мекендейді. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген. Браконьерлік, жабайы жануарлар саудасы және мекен ету ортасының бұзылуына байланысты қар барысына жойылу қаупі төніп тұр", – деді БҰҰ жанындағы Қырғызстанның тұрақты өкілі Аида Қасымәлиева. 

Еске салайық, Қырғызстан президенті 2023 жылы қар барысын Қырғыз елінің мемлекеттік рәмізі ретінде тану туралы жарлыққа қол қойған болатын. 


Оқи отырыңыз: Қар барысы қолға үйретіледі. Жоғалу қаупі бар жыртқышты сақтау үшін тағы қандай шаралар қолға алынды?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау