Алматыда курьер балалар арбасына дәрет сындырған: Glovo не деп жауап берді

Видео скрині
Видео скрині
Компания бейнежазбадағы адаммен 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап байланысын үзген.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған курьер бейнеленген видео таралуына байланысты Glovo компаниясы ресми мәлімдеме жасады. Тәртіп бұзушы арқасына компанияның логотипі бейнеленген сөмкені асынған болатын.

"Бұл адам 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап Glovo-мен байланысты емес. Glovo компаниясы курьерлерді қосу және қызмет сапасын бақылау барысында қатаң стандарттарды ұстанады. Платформа белгіленген этикалық және кәсіби нормаларға сәйкес келмейтін тұлғаларды жедел анықтап, толық бұғаттауға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесін қолданады. Тиісті шаралар аталған оқиғадан әлдеқайда бұрын қабылданған", – делінген ресми мәлімдемеде. 

Бұл ретте компания тергеу аясында құқық қорғау органдарымен толық көлемде ынтымақтастық жасауға дайын екенін хабарлады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Glovo жеткізу қызметінің курьері көпқабатты үйдің кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырғанын және оның бейәдеп әрекеті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы белгілі болғанын хабарлаған едік

Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз