Алматыда Glovo жеткізу қызметінің курьері көпқабатты үйдің кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған. Оның бейәдеп әрекеті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды.
Қажетін орындап болған курьер, түк болмағандай, жұмысын жалғастырып, тапсырысты клиентке жеткізген. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
"Бұл адамның кім екені анықталды. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.