USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда 3 адамның өмірін қиған жол апаты: алдын ала сот отырысы қашан өтеді?

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД
Атышулы жол апаты ісі бойынша тергеу аяқталды.

Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні өтеді. Бұл туралы қаза болған 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының адвокаты Олег Чернов мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сот қарауына жолданған. Алдын ала тыңдау 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтеді.

Олег Чернов қылмыстық істі жедел әрі объективті тергегені үшін Алматы қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін адвокат айыпталушы тараптың марқұмның туыстарымен татуласуға әрекет жасағанын хабарлаған еді. Алайда қаза болған азаматтың отбасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз