
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай @MuftyatBot Telegram-ботын іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бот жұмысын Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.
Тимур Орынханның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады. Сондай-ақ бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.
Еске салайық, биыл Рамазан айы 1 наурыздан бастау алады.
Қазақстан қалалары мен елді мекендері бойынша ораза кестесін осы жерден жүктеуге болады.
Биылғы пітір садақасының мөлшері – 655 теңге.
Оқи отырыңыз:
- Ораза биыл 1 наурызда басталады. Пітір садақасы қанша
- 2025 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері