
Павлодар қаласында 74 жастағы әжей мас күйінде көлік жүргізгені үшін істі болды, деп хабарлайды Павлодар облыстық соты.
Облыстық соттың мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде болып Toyota маркалы көлікті жүргізгені анықталды. Сот отырысында әжей істеген ісін мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен, бейнежазбамен расталады.
"ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. Алайда, ӘКБтК-нің 50-б. 2-б. сәйкес, 58 жастан асқан әйелдерге қамауға алуды қолдануға болмайды. Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.