Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса алады.
Отбасы банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл бюджеттен 51 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілетін үміткерлер қатары да артты.
Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, "жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар" сондай-ақ "I және II топтағы мүгедектер" санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар қатыса алады. Алайда, жаңа қосылған санаттар бойынша "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.
"Тағы бір жағымды жаңалық – "Бақытты отбасы" бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап бар болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын, яғни олардың баспана мәселесі шешілмейтін" делінген банктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Тұрғын үй субсидиясын қалай алуға болады?
- 2024-2025 жылдары Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
261
-
0
-
2
-
-
2🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
249
-
0
-
0
-
-
3Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты
-
253
-
0
-
0
-
-
4Балалар арасында қызылша ауруының көбеюіне екпеден бас тарту себеп болып отыр
-
268
-
0
-
0
-
-
5🗣30-ға жуық бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр
-
279
-
0
-
0
-
-
6ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
224
-
0
-
0
-
-
7🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
208
-
0
-
2
-
-
8😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
200
-
0
-
0
-
-
9🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
195
-
0
-
0
-
-
10💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
174
-
0
-
0
-