Жалған автокөлік жарнамасымен алаяқтық жасаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Шымкентте 52 адамды алдаған азамат Түркиядан елге қайтарылды.

Бірнеше алаяқтық фактісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Ол 2023 жылы Шымкентте алдын ала сөз байласып, интернетте нарықтан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Соның салдарынан 52 жәбірленушіге 70 миллион теңгеден астам шығын келген. 

Қылмысқа қатысқан басқа адамдарға сот үкім шығарған, ал негізгі күдікті жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген. Ол тамыз айында Түркияда ұсталды.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз