Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді.

Маңғыстау облысында киік ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен "Бүркіт" арнайы бөлімшесі, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киікке қатысты заңсыз әрекеттердің дерегін анықтады.

"Тінту кезінде Қызыл кітапқа енгізілген тоғыз киіктің ұшасы, 30 мүйізі, сонымен қатар 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, материалдар СДТБТ-ға енгізілді. Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынды.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары