Науқастардың айтуынша, емханада қант диабетімен ауыратын 120 адамның 30 пайызы ғана дәрі алады.
Шымкентте қант диабетімен ауыратын науқастар жекеменшік емханада есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек уақтылы берілмейтініне шағымданды. Олардың айтуынша, дәрігерлер "Глюконил", "Транжента" сияқты мемлекет есебінен тегін таратылуы тиіс дәрілермен дер кезінде қамтамасыз етпей, әуре қылады. Ауру асқынып кетпес үшін амалсыз өз қаржысына дәрі сатып алып отырған науқастар мәселеге Денсаулық сақтау министрлігінің араласқанын қалайды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Бергей Тілемісұлы 5 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Ол екі жыл бұрын жекеменшік емхананың есебіне алынған. Бірақ ол содан бері медициналық тексеруден өткізбегенін, тегін берілуі тиіс дәріні де ала алмай қалғанын айтып отыр.
"Дәріні бірде береді, бірде жоқ дейді. Екі-үш күн күт дейді. Екі-үш күннен кейін келсең, ол дәрі жоқ дейді. Сөйтіп орнына басқа дәрі бере салады. Жауапсыздық", – дейді Бергей Тілемісұлы.
Науқастардың айтуынша, қазір жекеменшік емханада қант диабетімен 120 адам тіркелген екен. Бірақ соның 30 пайызы ғана дәрі алады.
Оқи отырыңыз: Қатерлі ісік, қант диабеті, ревматизм. Әлеуметтік мәні бар сырқатқа шалдыққандарға қандай көмек көрсетіледі?
Ал емхана өкілдері арна тілшісіне барлық дәрі бар екенін айтқан. Алайда оларды көрсете алмаған. Дәріні алған науқастардың тізімімен де таныстырмаған. Есесіне олар науқастарды есепке алмай, тиісті ем көрсетпегені үшін бұрынғы дәрігерді кінәлап отыр.
"Эндокринолог дәрігер болған. Бірнеше фактілері болып, қызметінен босатылды. Қазір орнына басқа жас маман қабылданған. Ол науқастың диагнозын анықтап, бүгінгі күннен бастап "Д" есебіне қойды", – деді жекеменшік емхана директорының орынбасары Бекзат Өмірбек.
Дегенмен, науқастар мемлекет тарапынан тегін берілетін дәрілерге қатысты жекеменшік емханаларда шикілік көбін айтады. Сондықтан құзырлылардан тиянақты тексеруді сұрап отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
269
-
0
-
4
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
270
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
256
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
268
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
250
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
246
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
249
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
226
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
231
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
237
-
0
-
8
-