Алматы тауларында бірнеше турист көшкін салдарынан қар астында қалып қойды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қар астынан бір адамның денесі шығарылды.

Алматы тауларында бірнеше турист қар көшкіні салдарынан қар астында қалып қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға Алматы қаласының Медеу ауданындағы Титов асуы аумағында, теңіз деңгейінен 3400 метр биіктікте болған. Төрт адамнан тұратын екі турист қар астында қалып, олардың біреуі өздігінен шыға алған.

"Оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің мамандары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Құтқару операциясының нәтижесінде қар астынан бір адамның денесі шығарылды", – делінген хабарламада. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз