Ұлттық ұланның лейтенанты Түркия президентінің қолынан диплом алды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Ердоған қазақстандық офицерге диплом табыстады.

Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахмет Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қолынан диплом алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның мәліметінше, Анкарадағы Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының тәмамдап отыр. Одан өзге бұл Академияны тағы сегіз жас офицер осы оқу орнының дипломын алып отыр.

"Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды", – деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстан делегациясы Анкара Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысқан.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз