USD: 481.9 / 484.5
  • EUR: 549.0 / 554.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Құрылтай қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге дер кезінде назар аударуы қажет – Тоқаев

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Президент Құрылтай депутаттарының заң шығару жұмысының сапасы мен қарқынын арттыруды тиіс екенін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтай депутаттарына заң шығару қызметінің сапасы мен жеделдігін арттыру міндетін жүктелетінін айтты.

Мемлекет басшысы жаңа сайланған депутаттар білікті сарапшылар мен кеңесшілердің тиімді жұмысын ұйымдастырып, заң шығару үдерісіне тың тәсілдер енгізуі қажет екенін айтты.

Президенттің сөзінше, жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Құрылтай ұлттық заңнаманы қарқынды өзгеріп жатқан цифрлық ортаға бейімдеу үшін жедел жұмыс істеуі тиіс.

"Бұл – аса маңызды міндет. Өйткені, ол Қазақстанның жаһандық бәсекеге қаншалықты дайын екенін айқындайды. Құрылтай технологиялық прогрестің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында өткен парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында e-Parlament жүйесін енгізу мәселесі қаралғанын еске салды. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның электрондық үкіметі халықаралық рейтингтерде әлемнің үздік 25 елінің қатарына кіреді.

Мемлекет басшысы жаңадан сайланған депутаттар заң шығару үдерісіне болжамды талдау, экономикалық салдар мен әлеуметтік тәуекелдерді модельдеу, сондай-ақ үлкен деректерді басқару құралдарын кеңінен пайдалануы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар маңызды заң жобаларын сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқылауға шығару ұсынылды. Президенттің пікірінше, цифрлық құралдарды пайдалану қоғамдық пікірталасқа қатысушылардың санын едәуір арттырып, заң жобаларын ашық әрі кең ауқымда талқылауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз